Қазақстандықтар енді медициналық қызмет алғанын жаңа әдіспен растайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып іске асырды.

— Пилоттық жобаға Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады, – делінген хабарламада.

Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы пациент пен денсаулық сақтау маманының арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

— Пациент емханаға egov mobile мобилдік қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және оның келгенін растайды, — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.

Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен — емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады.

— Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қанағаттанушылығын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі «тіркеулерді» алып тастауға мүмкіндік береді, — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.

Өз кезегінде медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау және келулерді бақылау үшін қолдана алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz