Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен аппаратық жиында «Qyzyljar»  арнайы экономикалық аймақтың жұмысы қорытындыланып, даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері мемлекет екі субаймаққа инфрақұрылым тартып, 3 кәсіпорын жұмыс істеуде. Өндірістің жалпы көлемі 111 млрд. теңгені құрап, 300-ден астам жұмыс орны ашылды.

Жиында өңір басшысы тиісті басшыларға №3 және №4 субаймақтарына инженерлік желілерді тарту жобаларының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ СҚО әкімі «Qyzyljar» жобаларын іске асыру және дамыту қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібінде екінші сұрақ – денсаулық сақтау саласын дамыту. Белгілі болғандай, облыста 46 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған, оның сегізі жыл соңына дейін пайдануға беріледі. Сондай-ақ облыстағы 27 емдеу мекемесін қамтыған ауқымды жөндеу науқаны жүргізілуде. Ғауез Нұрмұхамбетов «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» Ұлттық жобасы аясындағы нысандар құрылысының мерзімінде аяқталуын ерекше бақылауға алуды, күрделі жөндеуді сапалы жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, 2024 жылға денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігін алға тартты.

Медицина саласында кадр тапшылығы мәселесі өзегін жоймай келеді. Бүгіндері облысқа 144 дәрігер қажет. Осы орайда өңір басшысы мамандарды тарту жұмыстарын жалғастырып, ауылдарға келетін дәрігерлерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz