Ұлттық валюта — теңге күні

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Биыл Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға енгеніне 30 жыл толды. Ұлттық валюта күні қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен де тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ортағасырлық түркі күміс монеталардың «денге» немесе «танга» деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін «тиын» деп атады.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Бұл мемлекетке толыққанды банк секторын қалыптастыруды бастауға да мүмкіндік берді.

1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн ресми Ұлттық валюта күні болып саналады. 1993 жылдың 18 қарашасынан бастап теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды. Бүгінгі таңда теңге –  тәуелсіздіктің символы және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі.

  • Қазақстанға теңгенің алғашқы партиясы Ұлыбританиядан келді, ал 1995 жылы елімізде теңге шығаратын фабрика іске қосылды.
  • Қазір теңге Ұлттық банктің Алматыдағы банкнот фабрикасында және Өскемендегі монета сарайында басылады.
  • 2007 жылы 29 наурызда теңгенің символы бекітілді.
  • Қазақстандық ақша халықаралық жарыстарда бірнеше рет бірінші орынды иеленді. Оның ішінде барыстың суреті бейнеленген 10 000 теңгелік, қалықтаған көгершін бейнеленген бес мың теңгелік және түркі жазуы мен мәдениетіне арналған мың теңгелік купюралар бар.
  • Теңгеде 18 қорғау дәрежесі бар, оның ішінде су таңбалары, микроқаріптер және т.б. Бүгінде біздің ақшамыз әлемдегі ең қауіпсіз валюталардың бірі саналады.
  • Банкноталардың дизайнында қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасы бейнеленген. Теңге ел экономикасының барлық салаларында қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz