СҚО -да Сібір жарасы көмінділері картасы жасалмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сібір жарасы –  жануарлар мен адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы кесел. Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, сақтандыру жұмыстарын күшейтпей болмайды. Өйткені оның тарауының ықтималдығы жоғары ошақтары аз емес.  Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов қатысқан жиында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шарада облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары  сібір жарасы көмінділері тізілімін цифрландыруды ұсынды. Ведомоство басшысы Асхат Жақыпбеков талдау  жұмыстары барысында сібір жарасы көмінділеріне басты назар аударылғанын, өйткені үй жануарларына қатысты түрлі аурулардан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, ел халқын қорғау өте өзекті мәселе екенін атап өтті.

Департамент бірқатар проблемаларды, оның ішінде заңнамадағы олқылықтарды, облыстық деңгейде уәкілетті бақылаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ осы саланы қаржыландырудың жоқтығын анықтаған.

Талқылау нәтижелері бойынша өңір аумағында сібір жарасының өршуіне жол бермеу мақсатында нақты мемлекеттік органға сібір жарасы көмінділерін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды беру, ветеринарлық талаптарға сәйкес, олардың техникалық жай-күйін жақсарту үшін 2024 жылға арналған қаражат қарастыру, сондай-ақ халықты ақпараттандыру және қоғамдық бақылауды күшейту үшін жер учаскелерін мемлекеттік есепке алу негізінде  ақпараттық жүйеде «Сібір жарасы көмінділері картасы» жеке бөлімін құру мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz