СҚО-да туберкулезден 13 адам қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында онкологиялық сырқаттанушылық өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5% — ға, 1 274-тен 1 405 жағдайға дейін өсті. Ал туберкулез жұқтырудың жаңа 175 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 адамға артық,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісовтың айтуынша, онкологиялық ауруларды ерте – І-ІІ кезеңде анықтау 7,8% — ға артты, биыл 959 адамға қатерлі ісік диагнозы қойылған.

— Облыс бойынша обырды уақтылы диагностикалау төмендеген, биыл аурудың соңғы кезеңімен 111 сырқат анықталған. Бұл барлық диагностикасы 8,1%. Десек те онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 12,9%, былтырғы 358-ден 311-ге дейін төмендеді», — дейді Құмар Күсемісов.

Туберкулез бойынша да жағдай СҚО-да тұрақсыз.

 — Өткен жылдары туберкулезбен сырқаттанушылықтың кезең-кезеңімен, біртіндеп төмендеп, содан кейін 2020 жылдан бастап облыста ауырғандар саны күрт азайды, бұл туберкулезбен ауырғандардың толық анықталмағанын көрсетеді. Былтыр 154 сырқат анықталса, биыл қатерлі дертті жұқтырудың 175 жаңа жағдайы тіркелді. Осылайша 14,3% артып отыр, — дейді басқарма басшысы.

Жыл басынан бері облыста 13 адам туберкулезден қайтыс болды. Оның жетеуінде сырқаттар алғаш рет ауырған, олардың екеуінде ВИЧ болған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz