Биыл Аққайың ауданына 518 ірі қара жеткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Аққайың ауданында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының нақты көлем индексі – 85 пайыз немесе 53 млрд. 953 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауданда дәнді-бұршақты дақылдар алқабы –  177 мың гектар, өнім берекелігі шамамен  14,2 центнерден айналды.  Жалпы өнім – 2 млн. 518 мың тоннаны құрады. 21 мың 400  гектарға майлы дақылдар отырғызылып, гектарынан 10 центнерден жиналды.

Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасымен ауданға жыл басынан бері 518 ірі  қара  әкелініпті. Алдағы уақытта тағы 192-сін жеткізу жоспарланып отыр.

— Халықтың жұмыспен қамтылуына, бюджетке салық аударымдарының түсуіне оң әсер ету мақсатында қуаттылығы тәулігіне 40 тонна құрама жем  өндіретін зауыт пайдалануға берілді.  Аудандағы ең ірі  өңдеу өнеркәсібі  –  «РОСТАН»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Онда сары май, спредтер, ірімшіктер, сүзбе өндіріледі.Үстіміздегі жылдың   9 айында 1,4 млрд. теңге сомасына  687 тонна дайын өнім өндірілді, — дейді Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz