СҚО әкімі ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Шараға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Аграрлық саланың өркендеуіне елеулі үлес қосып жатқан ауыл еңбеккерлеріне ризашылығымды білдіремін. Сіздер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келесіздер. Ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отыра, отбасыларыңызға береке мен молшылық тілеймін. Келер жыл табысты әрі өнімді болсын! – деп тілегін білдірді Ғауез Торсанұлы.

Бүгіндері облыста 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы бар, салада 90 мың адам жұмыспен қамтылған. Биыл қиындықтарға қарамастан, диқандарымыз жақсы өнім алып, астықты қамбаға басты. Соңғы үлгідегі технологиялар қолданылып, жоғары өнімді техника алынуда. Облыс бойынша заманауи сүт кешендері, құс фабрикалары және қайта өңдеу кәсіпорындары ашылуда.

photo 5384538389929384512 yphoto 5384538389929384514 y

Салтанатты шара барысында сала қызметкерлері марапатталды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz