Петропавлдағы аулалардың бірінде 51 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салған азамат анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 21-і сағат 20:32-де «102» пультіне Сейфуллин көшесіндегі үйдің ауланың бірінде жанжал шыққаны туралы хабарлама түсті. Кейін белгілі болғандай, белгісіз адамдардың 51 жастағы азаматты пышақпен жарақаттағаны анықталды. Ол дереу ауруханаға жатқызылды. Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қ. ПБ қызметкерлері адам денсаулығына нұқсан келтірген 20 және 17 жастағы облыс орталығының үш тұрғынын анықтады. Олардың бірі бұрын әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 51 жастағы ер адамға пышақ салған азаматтың жасы 17-де Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы енгізілді, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.