Бүгіндері Тайынша ауданына «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында түскейден 52 отбасы көшірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тайынша ауданы әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан беру жұмыс күші көп шоғырланған өңірлерден ауданға 175 адам қоныс аударды. Басым бөлігі Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан облысынан келген.
– Тайынша ауданына еліміздің 8 өңірінен 52 отбасы қоныстанды. Бізге көшірілген азаматтарға 40 млн. 89 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Бүгінгі таңда 12 шаңырақ иесіне тұрғын үй алуға сертификаттар берілді. Олар Тайынша қаласы, Келлеровка, Аққұдық, Многоцветное, Чкалово және Теңдік ауылдарынан баспана алды. Көшкендердің 62-сі тұрақты жұмысқа орналасты, — дейді Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.