Елімізде қыркүйектің 1-нен бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет етіп жүрген педагогтердің жалақысы 30 пайызға көтерілді. Бұл мақсатқа облысқа республикалық бюджеттен 474,5 млн. теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Президент тапсырмасына сәйкес балабақшалар, шағын орталықтар мен даярлық сыныптарда қызмет ететін педагогтердің жалақысы біршама өсті.
– Бүгіндері облыста мектепке дейінгі білім саласында қызмет ететін 3 жарым мыңға жуық тәрбиеші мен мұғалімнің еңбекақысы 30 пайызға көтерілді. Осылайша олардың орташа жалақылары 187 мыңнан 243 мың теңгеге дейін көтерілді, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Евгения Гонтарь.