Биыл облыстық полиция департаменті қолайсыз отбасылар санатына 110 ата-ананы есепке қойды. Жалпы ведомство есебінде 150-ге жуық қолайсыз отбасы тұр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Үстіміздегі жылы 62 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылса, 727 адам міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– Ювеналдық полиция қызметкерлері жиі анықтайтын құқық бұзушылық – жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнде үйден тыс жерде болуы. Жыл басынан мұндай фактілердің 2358-і анықталды, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.