Велосипед жүргізушілері жол ережелерін сақтауы қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының көшелерінде кезекті ақпараттық акция өтті. Тәртіп сақшылары жас велосипедшілерге жолда жүру ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Екі дөңгелекті көлік иелерінің барлығы бірдей жол қозғалысы қағидалары мен қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Ал бұл жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін арттырады. Көбінесе велосипедшілер көше қиылыстарынан немесе жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтер кезде велосипедтен жерге түсіп жаяу өту қажет екенін ұмытып кетіп жатады. Кенеттен қатты жылдамдықпен келіп қалған велосипедшіні жүргізушілер байқамай қалуы мүмкін. Әрі тежегішті басып үлгермейді.

– Қиылыстар – ең апатты-қауіпті учаскелер. 5 айдың қорытындысы бойынша облыста адамдар зардап шеккен 99 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 21 фактісіне жүргізушілердің көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзуы себеп болды. Сондай-ақ акция барысында полицейлер велосипедпен жүруге тек 14 жастан бастап рұқсат етілгенін еске салды, бұл ретте жүргізуші куәлігі болмаса да, жол жүрісі қағидаларын білу және мүлтіксіз сақтау қажет. Жолаушыларды тасымалдауға болмайды, міндетті түрде шлем киіп жүру қажет. Кешке және түнде велосипедпен жүрген кезде жарық шағылыстыратын элементтері бар киім кию керек, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

5 айдың қорытындысы бойынша СҚО-да велосипедшілердің қатысуымен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. Алайда тәртіп сақшылары бұл жұмыста бәсеңдік танытпай, ақпараттық жұмысты тұрақты түрде жалғастыру қажет екенін айтуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz