Соңғы екі жылдың ішінде облыста 2 шақырымнан астам жол жөнделді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тауып, 39,4 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері өңірдегі жалпы жолдың ұзындығы 8416 шақырымды құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша СҚО ел көлемінде екінші орында екен. Облыс әкімдігінің мәліметінше, орта есеппен жылына теріскейдің 700 шақырым жолы жөндеуден өтеді. Өткен жылы 770 шақырым қалыпқа келтірілді. Оның 148-і республикалық, 480-і жергілікті маңыздағы, 142-сі ауылішілік жолдар. Осы мақсатқа 48,8 млрд. теңге қарастырылды.
– Биылғы жылы 47 ауылдық жолды жөндеуге 8,1 млрд. теңге бөлінсе, 38-і халық игілігіне тапсырылды. Облыс орталығында 35 көшенің жолы ретке келтірілді. Жыл соңына дейін республикалық маңыздағы трассаның 85 пайызын, жергілікті жолдың 72 пайызы жаңаланбақ, – дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.