Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру міндеттеледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда газ баллонымен жүретін автомобильдер арнайы белгі орнатуға міндетті болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 466-нк бұйрығымен ҚазСтандарт әзірлеген ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар жасалды. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі. Осы стандарт міндетті орындауға жатады. Өйткені ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы қағидаларында көрсетілген.

— Автокөліктерге газ қондырғысын орнатуда кейде тиісті қауіпсіздік талаптары орындалмай жатады. Мұндай көліктер адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газ орнатылған автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай автомобильдерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді, — дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Аталған өзгеріс газ баллонды жабдығы бар автомобильдерге арнайы белгіні міндетті түрде орналастыруды қарастырып отыр. Бұл таңбада «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz