Рұқсат етілмеген жерде қоқыс төккен 28 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2019 жылдан бері облыста рұқсат етілмеген жерде қоқыс тасталған 2118 полигон анықталды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық экология департаменті басшысының айтуынша, 2118 заңсыз полигонның 274-і белгіленген шекараны бұзғаны анықталды. Басым бөлігі Қызылжар ауданында шоғырланған.

– Заңсыз полигондар «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мониторингінен кейін анықталып, геопарталға енгізілді. 2019 жылы қоқыс үйінділері шығарылатын шекараны бұзудың 863 фактісі тіркелді. Жыл сайын заңды бұзу фактілері азайып барады. Десе де қалдықтарды белгіленген жерге тастап, айналаны ластап отырғандар табылып жатыр. Биыл 274 факті тіркелді. Оның 269-ын жойдық, — дейді Азамат Бектасов.

Департамент мамандары рейдтік іс-шараларды өткізу шеңберінде қоқысты шығару және жинау қағидалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша мобильді жұмыс тобының қызметкерлері қалдықтарды орналастырудың 61 рұқсатсыз орнын анықтады, 34 қоқыс үйіндісі жойылды.

СҚО ПД мәліметтеріне сәйкес, биыл ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 28 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға жалпы сомасы 621 000 теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz