Итальяндық инвестор Петропавлда зауыт салмақ ниетте

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов итальяндық «PROSOL» компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы итальяндық компанияның басқарушы басшысымен алдағы перспективалы инвестжобаны жүзеге асыру жоспарын талқылады. Биыл қараша айында шетелдік инвестор «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы атанды.

Итальяндық компания Петропавлда азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Оны құрама жем өндірісінде және мал азығы рационында биоқоспа ретінде пайдаланады екен.

– Бұл өнімнің түрі біздің аграрлық аймаққа қажет-ақ. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңгені құрайды. Тың зауыттың ашылуымен 40 жаңа жұмыс орны пайда болды, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz