СҚО-да пайданылмаған жердің 66,8 пайызы мемлекет мешігіне қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста «Жер аманаты» жобасы аясында пайдаланылмай қалған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жалғасын табуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Amanat» партиясы СҚОФ-ның партиялық бақылау комиссиясының отырысында жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарын орындамаған аудандардың басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.
Белгілі болғандай, әзірге жоспардың 66,8 пайызға ғана орындалып, 220,6 га жер қайтарылды. Жыл соңына дейін әлі 109,4 га жерді мемлекет меншігіне қайтару міндеті тұр.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департамент басшысы Бақытжан Бекіштің айтуынша, бүгінгі күні соттарда қаралып жатқан 44 іс бар. Талап-арыздар сотта ұзақ қаралатындықтан, даулы жерлер биыл қайтарылуы екіталай. Әрі қаржы ұйымдарына кепілдікте тұрған жерлер көп дейді.

Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Тайынша және Уәлиханов аудандарында жұмыс сылбырт жүргізілуде. Комиссия мүшелері жоспар осы аудандардың жер қайтару бойынша жұмысын қанағаттанғысыз деп танып, ширата түсу туралы кеңес берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz