2025 жылы Есіл ауданының тұрғындары 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл ауданының 32 ауылында тұратын халықтың 19 мыңға жуығы сапалы ауызсумен қамтылған. Дегенмен ұңғымадан тіршілік нәрін алып жүргендер де бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері аудан тұрғындарының 11,2 пайызы суды қазылған ұңғылмалардан пайадаланып келеді. Мұндай жолмен тіршілік нәрін 21 ауылда тұратын 2300 адам тұтынады.

– Биыл Амангелді ауылын Пресновка топтық су құбырына қосу бойынша жұмыстар орындалды, жобаның құны 11 млн. теңгеден асты. Леонидовка ауылында кешенді блог модульді орнатуға облыстық бюджеттен шамамен 9 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта «Аружан» ЖК мердігерлік ұйымымен шарт жасалды. Корнеевкада халықты сумен қамтамасыз ету бойынша мәселелер жоқ емес. Оны шешу үшін «Солтүстік Қазақстан облысында 3 кезектегі Пресновка топтық су құбырын салу» жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жобаның іске асырылғанда 6000-нан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Құбырдың ұзындығы – 157 км, – дейді Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров.

Пресновка топтық су құбырын іске асырылғанда 2025 жылға дейін сапалы ауызсумен 20,7 мың адам қамтылады. Сондай – ақ, Есіл ауданын дамыту бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін аудан тұрғындарын 100% сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 500 адамнан асатын 8 шағын елді мекенде кешенді блок модульдер орнату жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz