СҚО әкімі: «Құрылыс қарқыны баяу»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап, жұмысты жылдамдату қажеттігін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құрылысы баяу жүргізіліп жатқан көпқабатты баспаналар Парк, 21, Горький, 6 және 8 мекенжайында орналасқан. Ғауез Нұрмұхамбетов проблемалы үйлердің жай-күйін бағамдап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Өңір басшысы жұмысы тоқтап қалған Театр және Потанин көшелеріндегі жол учаскесіне де барды.

– Жолдың уақтылы қолданысқа берілмеуі – тұрғындарды алаңдатып отырған мәселе. Санаулы күндерден соң қыс келеді. Бұған дейін жолды аяқтауларыңыз қажет. Егер бұл сұрақ шешімін таппаса, қатаң шаралар қолданылады. Асфальт төсеуге қажетті материалдар болмаса, құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер өзге компаниялармен келісімшарт жасасуы керек, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Құрылысы аяқталса да, халық игілігіне берілмей отырған көппәтерлі баспаналардың дені «Береке» шағынауданында орналасқан. 600 отбасыға арналған үйлерге кәріз желісі тартылмаған. Облыс әкімі әлеуметтік аз қамтылған азаматтар қоныстанатын нысандарды тапсыру үшін жұмысты ширата түскен жөн деді облыс әкімі.

Кейін облыс әкімі Уәлиханов көшесіндегі үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Өңір басшысы екі жаңа ғимараттың құрылысымен танысып, мердігер ұйымға тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz