Биыл Тимирязев ауданында мақсатты қолданылмай жатқан жайылымдық жердің 4,7 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ елдімекендердің шекарасы 394 гектарға кеңейтілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаровтың айтуынша, қазіргі уақытта жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі күні бос жатқан жерлерді пайдаланбаған 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пеен шаруа қожалықтардан жайылымдық алқаптарды алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
– Алдағы уақытта аудандағы 6 кәсіпкерден 6,8 мың гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұдан бөлек, егін егу мақсатында берілген жерлер шетелдік азаматтардан алынады. Сот арқылы 187 гектар аумақты қамтитын учаскіні мемлекетке қайтару жоспарланып отыр, — дейді Ерлан Жаров.