БАҚ-тың жазбаша өтінішін 7 күн емес, 5 күн қарау ұсынылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

— Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған. Ол үшін БАҚ материалдарына үш жылдық ескіру мерзімін белгілеу және мемлекеттік органдардың БАҚ-тың жазбаша өтініштерін қарауын 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылады, — делінген мәжіліс хабарламасында.

Сонымен қатар жыл сайын журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына талдау, олардың жағдайын бағалау және тиісті ұсынымдары бар Ұлттық баяндама дайындалады.

2025 жылдан бастап мемлекеттік емес БАҚ республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшеді. Отандық телерадио хабарларын таратуды дамыту мақсатымен спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігі субсидияланады. Сонымен қатар журналистерді аккредиттеудің бірыңғай жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz