Салықтан жалтарғандардың көліктері айыппұл тұрақтарына қойылып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да 4 мыңнан астам адамның көлік салығы бойынша берешегі 245 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер органдары, полиция және жеке сот орындаушылары бірлескен рейд өткізіп, көлік салығын төлеуден жалтарғандарды анықтап жатыр. Қарызы барлардың көлігі бірден айыппұл тұрағына қойылады.

Елімізде өткен жыл үшін автокөлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Алайда темір тұлпарды тізгіндегендердің арасында берешектен құтылуға асықпайтындар да бар.

— Көлік салығынан қарызы барлар ескертілді, бірақ олар өз еркімен одан құтылуға асығар емес. Сондықтан мемлекеттік кірістер органдары, полициямен және көлік құралдарына салық төлемеушілер бойынша жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы өкілдерімен бірге бірлескен рейдтер өткізіп жатыр. Мұндай іс-шараның нәтижесі жоғары. Берешегі барлар бір күн ішінде, кейде, тіпті 15 минутта қарызын өтейді. Қыркүйек пен қараша айы аралығында осылайша 8,5 млн теңге өндіріліп алынды, — дейді Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Юрий Белокопытов.

СҚО-да көлік салығын төлемей жүрген борышкерлердің саны 4 мыңнан асады. Олардың жалпы берешегі – 245 млн теңге. Егер төлемеген салығы 1 АЕК-тен асып кетсе, борышкердің ісі сот орындаушысына жіберіледі.

— Рейд салық төлемей жүрген көлік иелерін анықтап, олардың көліктерін айыппұл тұрағына қою мақсатында жүргізіледі. Мұндайда тұрғындар көліктерін қарыздан толық құтылғанда ғана қайтарып ала алады. Ондай жағдайға жеткізбеген жөн. Өйткені берешегінің мөлшеріне қарай дүние-мүлкіне, есеп шотына және елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұған қосымша өндірілген қарыздың 25% мөлшерінде сот орындаушылардың қызметі үшін төлейді, — дейді жеке сот орындаушы Ардақ Қалкенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz