Кішкенекөлдегі саябақ 569 млн. теңгеге абаттандырылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы үш жылдың ішінде Уәлиханов ауданында 4 клуб пен 1 кітапхана ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері Уәлиханов ауданында тұрғындарға 36 мәдениет мекемесі жұмыс істеп келеді. Биыл ауданда Жамбыл демалыс орталығы мен Аққұдық ауылында клуб күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 9 млн. теңге жұмсалды. Ал Кішкенекөлде орталық алаң қалыпқа келтірілді.

– Мақсатымыз – барлық ауылдарда мәдени орындарды ашу. 2024 жылы Көктерек, Жас ұлан, Тілеусай елдімекендерінде клубтар салу жоспарда бар. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болған соң, бұл жұмыстарға кірісеміз, — деді Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев.

Белгілі болғандай, алдағы жылы аудан орталығындағы саябақ абаттандырылмақ. Жоба құны – 569 млн. теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz