СҚО-да инвестиция көлемі 17% өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімдігінің отырысында экономикаға инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Жиында белгілі болғандай, 2023 жылы облысқа 445 миллиард теңге инвестиция тартылып, оның көлемі өткен кезеңмен салыстырғанда 17,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2023 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 175 млрд. теңге қаражат құйылды. Ал биыл бұл салаға 557 млрд. теңге құйылуы тиіс екенін атап өтті СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жиында аймақ басшысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып, инвестиция тарту жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және биыл жүзеге асатын нақты инвестжобаларды анықтауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz