178
Елімізде бүгіннен бастап, жазғы дөңгелектермен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы дөңгелектері болуын қадағалауы керек.
Ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болады. Жүргізуші бір жылда қайтадан тәртіп бұзса, 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл төлейді.