208
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Премьер-министр қол қойған Қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды.
Құжатқа қоса ұсынылған қосымшада:
- басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіру (әкеліну) тәртібі мен талаптары;
- басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары жазылған.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.