Петропавлда грек-рим күресінен Кеңес Одағының спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтіп жатыр. Сайысқа еліміздің және Ресейдің қалаларынан 16 команда қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Турнирге 2012 жылы туған 15 салмақ дәрежесі бойынша 200-ге тарта жас балуан қатысуға ните білдірді.
– Уәлихан Нұркеев спорттық мансабында талай асуларды бағындырды. Ол Қазақстанның жастар және ересектер арасында чемпионы атанды. Бүкілодақтық турнирдің жеңімпазы да болды. Биыл турнир үздік жас балуандарды жинады. Петропавлдағы жарыс алдағы кәсіби мансаптарындағы баспалдақ іспетті болмақ деп ойлаймын, — дейді турнирдің бас төрешісі Максим Евсеев.
Бүгін жарыстың жеңімпаздары анықталып, оларға грамотлар мен медальдар табысталады.