Жеңгетайлықпен айналысқан

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жедел уәкілдер демалыс күндері жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайлар ұсынудың 6 фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, интимдік қызмет көрсететін притондарды анықтау бойынша бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді. Үш тәулік ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде облыс орталығының аумағында полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша бірден 6 фактіні анықтады.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері қаланың орталық бөлігінде клиенттерге эротикалық дене массажын жасап келген екі пәтерді анықтады. Пәтерлердің бірі Интернационал көшесіндегі үйде орналасқан. Баспанадан полицейлер 2003 жылы туған екі қызды ұстады. Әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналды.

Боди массаж жасаумен айналысқан адамдардың бір шоғыры Алтынсарин көшесіндегі үйлердің бірінен анықталды. Бұл әкімшіге де ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Баптың санкциясы 100 айлық есептік көрсеткіш түріндегі әкімшілік айыппұл салуды көздейді, ол 345 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ ҰҚҚКБ қызметкерлері рейд барысында қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан төрт саунада “шақырту бойынша келетін қыздар” тарапынан интимдік қызмет көрсету фактілерін тіркеді. Сауна иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша материалдар жиналды. Тәжірибе көрсеткендей, әдетте рейдтер барысында жедел уәкілдер “оңай ақша табуды” қалайтын жас қыздарды ұстайды. Алайда мұндай құқыққа қайшы әрекетпен айналысу денсаулыққа зиянын тигізеді, психологиялық салдары да жоқ емес. АИТВ-инфекциясын және басқа вирустарды жұқтыру қаупін тудырады және жалпы өмірге қауіп төндіреді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жеңгетайлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысы жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz