Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы атыраулық «Бейбарыс» командасына қарсы ойнап, жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавлдағы Спорт сарайында жерлестеріміз атыраулық «Бейбарыс» командасына қарсы қарымта ойын өткізді. Бірінші кездесуде солтүстікқазақстандық есе жіберді. Осы жолы да жеңіс Атыраудан келген клубқа бұйырды.
Ойынның бірінші кезеңінде жерлестеріміз есеп ашты. Александр Большаковтың соққысы нәтижелі болды. Кейін «Құлагер» сапында тағы бір хоккейші көзге түсті. Қонақтар да қарап қалмады. «Бейбарыс» құрамындағы Дмитрий Тесленко есеп айырмасын қысқартты.
Кездесудің екінші бөлімінде «Бейбарыс» клубының ойыншылары тағы екі шайбаны қақпаға дарытты. Ал үшінші кезеңде матч нүктесін Евгений Королинский қойды. Қорытынды есеп 2:4.