Қалалық мәдениет бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Руслан Сенкебаев атқаратын болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Руслан Сенкебаев 1978 жылы Алматы облысының Шелек ауылында дүниеге келген. 1985-1995 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында білім алды. 1993-1995 жылдары Ш. Құдайбердиев атындағы театр студиясында «драма актері» мамандығында оқыды. 1996-2000 жылдары Т. Жүргенов атындағы Театр-Кино институтының театр факультетінің «драма және кино актері» мамандығы бойынша оқып бітірді.

Руслан Сенкебаев еңбек жолын Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық сазды-драма театрында бастады. Әр жылдары М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрының актері, «Қазмемциркте» бөлім бастығы және директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін ол Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы облыстық драма театрының директоры болған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz