Мемлекеттің қолдауы арқасында бөдене фермасын ашты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Сағитовтар отбасы шағын бөдене фермасын ашты. Кәсіпті енді бастаған ерлі-зайыпты құйылған инвестиция екі жылдан кейін өз жемісін беріп, ферма таза пайда әкелетініне сенім артып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Сағитовтар отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несие алған. Бұл қаражатқа ерлі-зайыптылар бөдене фермасын ашты.

— Жобаның жалпы құны шамамен 14 млн теңгені құрады. Бізге «Ауыл аманаты» бағдарламасы көмектесті. «Солтүстік» ӘКК» АҚ толық ақпарат беріп, қолдау көрсетті. Қажетті құжаттарды жинап, несие алдық. Бөдене фермасының пайдасы жоғары, өнімге қашанда сұраныс бар, әрі отбасылық бизнес, өзіміз тұтынамыз, — дейді Радик Сағитов.

Шағын бөдене фермасы үй маңында орналасқан. Онда 1,5 мың құсты өсіріп, баптауға болады. Арнайы эскизбен қажетті жабдықтарды жергілікті компания жасап берген. Желдету, жылыту және жемазық беру автоматтандырылған.

— Біз барлық кезеңнен өтеміз деп шештік. Сол үшін әрқайсысына 200 жұмыртқа сиятын 3 инкубатор алдық. 17 күнде балапан шығады. Кейін арнайы орында 21 күн өсіп жетіледі. Ал 46 күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Қазір фермада техастық және эстониялық 300-ге жуық бөдене бар. Оларды бірге ұстауға болады, — дейді кәсіпкер.

Радик Сағитовтың айтуынша, бір бөдене айына 25 жұмыртқа береді.

— Қазіргі міндет – ферманы мекиендермен толтыру. Толық қуатына көшкен кезде күніне 1 500-ге дейін жұмыртқа аламыз. Өнімді өткізуде мәселе туындамайды, Петропавлдағы ірі супермаркеттермен, жергілікті мейрамханалармен келісімшартымыз бар, — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz