Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданының орталығы Явленка ауылына барып, жаңа ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа спорттық нысан жергілікті халықты салауатты өмір салтына баулу мақсатында ашылды. Дене шынықтыру-сауықтыру орталығы бір уақытта бірнеше спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Енді спортшылар мен ауылдықтар жыл бойы спортпен шұғылданатын болады.
Келесі жылы Явленкадағы стадионды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, биыл Саумалкөл мен Новоишимское ауылдарында да спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, облыста 4 жабық хоккей кортының құрылысы жалғасуда.