АМТ Қазақстаннан кетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

— Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal халықаралық компаниясы қазақстандық Мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын «Qazaqstan Investment Corporation»АҚ (QIC) сатып алуы туралы келіссөздерді сәтті аяқтады. Бұл мәміле осы кәсіпорындардың болашағы мен олардың тұрақты дамуы үшін өте маңызды, – делінген хабарламада.

Келісімшартқа сәйкес, QIC ребрендингке ие болатын және жаңа атау алатын осы кәсіпорындардың қызметі үшін толық басқару мен жауапкершілікті өз мойнына алды. 1995 жылдан бері осы активтерге иелік еткен ArcelorMittal Қазақстанда металлургия және тау-кен өндіру салаларының дамуына айтарлықтай ықпал етті.

«Кәсіпорынның жаңа иесі – Қазақстан Үкіметі осы кәсіпорындардың бизнес-процестерінің сақталуы мен тиімділігін жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың тұрақты жұмысы мен инновацияларды енгізуді барынша қамтамасыз етуге ұмтылып жатыр,  — дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінде.

Мәміле құны 286 миллион доллар болды, бұл ArcelorMittal меншікті капиталының 800 миллион долларға төмендеуіне әкелді. ArcelorMittal басшылығы қызметкерлерге соңғы 28 жылдағы үлесі мен жетістіктері үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда өткізілген уақыттың маңызын атап өтті.

— ArcelorMittal сонымен қатар Қарағанды облысының денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға, оның ішінде Теміртау қаласын дамытуға бағытталған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына 16 миллиард теңге бөлді, — дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Үкімет «АрселорМиттал Теміртаудың» меншік құқығы Қазақстанға берілетіні жөнінде шахталардың біріндегі кезекті апат кезінде мәлімдеді. 2023 жылғы 28 қазанға қараған түні Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген. Жер астында қалып қойған 46 кеншінің бәрі қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz