Облыста аязды ауа райы желтоқсанның 16-на дейін сақталады. Кейін Екінші онкүндіктің соңында ауа райы жылына бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, бүгін ауа температурасы күндіз 35-40 градустан жоғары көтерілмейді. Облыстың солтүстігі мен шығысында – қар, оңтүстігі мен бастысында боран болады деп болжануда.
12 желтоқсанда желдің екпіні секундтына 9-14 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -38 -45, күндіз -35 -40 аязды көрсетпек.
13 желтоқсанда жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасы – 35 -40, күндіз – 30 -35 градусқа дейін төмендейді.
14 желтоқсанда түнде термометр бағанасы -32 -37-ге дейін төмендейді, облыстың солтүстігінде 40 градус аяз, күндіз -21 -32 суықтықты көрсетеді.
15 желтоқсанда жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетпек. Түнде ауа температурасы -30 -35, күндіз -25 -30 градус аяз болмақ.
16 желтоқсанда түнде -25 -30, күндіз -18 -23 аяз болады деп болжануда.
17 желтоқсанда жауын-шашын күтілмейді, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрамақ. Түнде -20 -25 аяз, күндіз -13 -18 аяз болады деп болжануда.
18 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында қар, боран болады. Түнде ауа температурасы минус 15-20 градус, күндіз -10 -15 градусқа дейін жетпек.
19 желтоқсанда солтүстік аудандарда қар, боран болады. Түнде ауа температурасы -12 -17, күндіз -5 -10 аяз болады.
20 желтоқсанда облыс бойынша қар мен боран күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы минус 8-13 градус, күндіз — минус 5-8 градус болмақ.