Ауылдық әкімдіктің шатыры жанып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да соңғы 3 жылдың ішінде газ баллоны жарылған 30 факті тіркелді. Оның 27-сі жеке тұрғын секторында орын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Газ баллоны жарылған соңғы оқиға Аққайың ауданының орталығы – Смирново ауылында тіркелгенін атап өткен жөн. Салдарынан 12 жастағы қыз көз жұмса, 2001 жылы туған жас азамат дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз мәслихатында СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірдегі өрт оқиғаларының статистикасына тоқталып, газ баллондарын қолданудың ержелерін түсіндірді. Оның мәліметінше, жыл басынан бері облыста 551 төтенше жағдай орын алды. Қызыл жалын 30 адамның өмірін қиса, 27 азамат жарақаттанды. Жалпы өрттен келген шығын көлемі 451 млн. теңгеден асты.

– Өрттердің 74 пайызы жеке тұрғын үй секторында тіркелді. Олардың негізгі себебі –электр сымдарының тұйықталуы мен пешті қолдану ережелерін сақтамауынан орын алды. Биыл көмірқышқыл газымен 27 азамат уланып, оның 11-і қайтыс болды. Газ баллонын қолданудың ережелері бар екенін естен шығармау қажет. Қауіпсіздік талаптары бойынша көгілдір отын толтыратын құрылғының сыйымдылығы 85 пайыздан аспауы қажет. Баллондарды пайдаланбас бұрын олардың жарамдылығын тексеру маңызды. Мәселен, Смирноводағы қондырғы тексерілмеген болып шықты. Салдарынан оқыс оқиға тіркелді, – дейді Дмитрий Растихин.

СҚО ТЖД бастығының орынбасары жақында Мамлют ауданының Воскресеновка ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында шыққан өрт жайлы ақпарат берді. Оның сөзінше, әзірге нысанның отқа орану себебі анықталған жоқ.

– Желтоқсанның 12-сі күні түнгі сағат 01:00-де «101» пультіне өрт жайлы хабар түсті. Қызыл жалын пеш орналасқан бөлмеден шыққаны белгілі болды. Кейін от әкімдік ғимаратына ауысты. Әкімдіктің қабырғалары жартылай, ал шатыры толығымен жанып кетті. От 80 шаршы метр аумақты қамтыды, – дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz