Түзеу мекемелерінің үздік қызметкерлері анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында үздік жасақ бастығы мен психолог анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №48, 50, 51, 52 және 66 түзеу мекемелерінің қызметкерлері арасында «Үздік жасақ бастығы», «Үздік пенитенциарлық психолог» және «Үздік түзеу мекемесі» анықталды. Алғаш рет мұндай байқау 2018 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚАЖ комитетінің бастамасымен өтсе, 2019 жылы СҚО бойынша ҚАЖД №50 мекемесінің акт залының қабырғасында ұйымдастырылған болатын. 2022 жылы бұл шара Шырақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ академиясының базасында өткізілді. Үш жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері 1 орын алып, үздік екендерін көрсетіп келеді.

Биыл облыстық деңгейде өткен байқауда қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары қазылық етті.

Жыл сайынғы кәсіби байқау 5 кезеңнен тұрды:
Сәлемдесу;
бейнеролик ұсыну;
медициналық дайындық/ситуациялық мәселені шешу;
кәсіби дайындық және құжаттаманы жүргізу/психологиялық практикум;
ұйымдастырушылық қабілеттер.

Әр кезеңде қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен жұмысты жүргізу дағдылары бағаланды. Қазылар алқасы мүшелерінің шешіміне сәйкес, жүлделі орындар аталымдар бойынша берілді. «Үздік пенитенциарлық психолог» – №66 түзеу мекемесінің психологы Данияр Шунгульшин атанса, «Үздік жасақ бастығы» атылымы №50 мекемесінің қызметкері Динара Ачетыроваға бұйырды. «СҚО бойынша ҚАЖД үздік СТжӘПЖБ» №48 мекемесі танылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz