«Құлагер» клубы «Сарыарқа» командасын жеңді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы сырт алаңда «Сарыарқа» командасымен кездесті. Қос ойында да жерлестеріміз жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Құлагер» мен «Сарыарқа» командалары арасындағы бірінші кездесуде солтүстікқазақстандық клуб бір нәтижелі соққының арқасында қарсыласынан басым түсті. Жалғыз шайбаның авторы Андрей Рывацкий атанды.

Қарымта ойында жерлестеріміз қарсылас қақпасына 4 шайбаны дарытса, мұз айдынының иелері 2 нәтижелі соққымен жауап қайтарды. Бірінші кезеңде солтүстікқазақстандық сапында Денис Сергушкин, Виталий Шульга мен Александр Своеволин көзге түсті.

Матчтың екінші бөлімінде құлагерліктер тағы бір шайбаны қақпаға дарытты. Осы жолы Никита Потапов өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.  Кейін үшінші кезеңде қарағандылықтар сапында Егор Кузьменко мен Глеб Зайцевтер есеп айырмасын қысқартты. Ойын 2:4 есебімен аяқталып, жеңіс «Құлагер» клубына бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz