Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес медицинамен айналысатын қала тұрғынын анықтады. Ол елімізде тыйым салынған «Ата жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымның мүшесі болып шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Петропавлдық азамат тұрғылықты мекенжайында діни атрибуттарды қолдана отырып, науқастарды емдеумен айналысқан. Белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 489-бабы 10-бөлігі бойынша материал жиналды.
Өткен он бір айдың ішінде экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс аумағында діни заңнаманы бұзудың 24 фактісін анықтады.