Жаңа жыл қарсаңында шыршаны заңсыз кесу фактілері артады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста Жаңа жыл мейрамы қарсаңында орманшылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қарағай-шыршаны заңсыз кесуден сақтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, орман маңайларына стационарлық бекеттер қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Соңғы жылдары тұрғындар жасанды шыршаны көптеп таңдайтын болған. Десек те, табиғи жасыл желекке де басымдық беретіндер баршылық. Олар қарағай-шыршаны ірі сауда орталықтарының, базарлардың жанынан ашылған арнайы орындардан сатып ала алады. Ал импорттық шыршаларды сатушыларда өздерімен бірге тиісті құжаттар болуы қажет.

Қазақстанда қарағай тек мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін ғана кесіледі. Тек контейнерлерде өскен шыршаларды немесе ағаштың бұтақтарын ғана сатуға рұқсат бар, — дейді басқарманың статистигі Сәуле Сүлейменова.

Жаңа жыл мейрамына орман шаруашылығы қызметкерлері де алдын ала дайындалады, олар қылқан жапырақты ағашты браконьерлерден қорғау жұмысын күшейтеді.

Биыл Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік орман иелерімен бірге 92 мобильді топ құрды, олардың патрульдеу бағыттары мен кестесі бекітілді. Орманшылар 1 желтоқсаннан бастап кезекшілікті күшейтті.

— Қылқан жапырақты ағаштар басым ормандардың маңына 16 стационарлық бекет орнатылды. Орманшылар өткен-кеткен көлікті тексереді. Жүргізуші автокөлікті тексертуден бас тартқан жағдайда, көлік мән-жай анықталғанға дейін бекетте ұсталады. Ол үшін табиғатты қорғау полициясы немесе учаскелік полиция қызметкерлері шақырылады. Багажда заңсыз кесілген қарағай болған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданылады, — дейді Сәуле Сүлейменова.

Маманның айтуынша, мемлекеттік орман қоры аумағында кесілген әр шырша үшін 100 АЕК мөлшерінде, яғни 345 мың теңге айыппұл бар. Ал шырша ерекше қорғалатын аумақта кесілсе, залалды өтеу сомасы 517 500 теңге болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz