Интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да қаңтар айында интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Полицейлер келтірген статистикаға сәйкес өткен жылы облыста 771 интернет-алаяқтық тіркелген. Жартысына жуығы, 372 факті – “банктен қоңырау шалу” әдісімен жасалған. Осындай әдісті қолданатын қаскөйлер шекараның арғы жағында отырып арам ойын іске асырады, оларды анықтау қиын. Адамдардың көпшілігі олардың әккі әрекеттеріне сенбейді. Алайда алданып қалатындар да бар. Алаяқтар “жиналған қаражатқа әлдебіреулер қол сұққалы жатыр” дегенді желеу етіп, жәбірленушілерді өз ақшаларын басқа шоттарға аударуға мәжбүрлейді, әбден сенген азаматтар несие алып, оны да белгісіз есепшотқа жібереді.

Тағы бір кең таралған схема – тауарлар мен қызметтер туралы жалған хабарландырулар орналастыру. Қылмыскерлер алдын ала төлем талап етіп, байланысқа шығуды доғарады. Алаяқтар көбінесе WhatsApp мессенджері арқылы хабарласады, түрі мен тауарды көрсетпеу үшін бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге келіспейді.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді екен. Бүгінгі таңда бұл қылмыс түрі өзекті проблемалардың біріне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz