Тәркіленген ішімдік

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы ауыл тұрғынының бірінен 977 литр заңсыз алкоголь тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Құрамында спирті бар сұйықтықтың ірі партиясын Қызылжар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңындағы ауылдардың бірінен тапқан. 5 литрлік бөтелкелердегі алкоголь және жасанды акциздік маркалары бар арақ егде жастағы ауыл тұрғынының үйіндегі шаруашылық ғимаратында сақталған. Бұл фактіні учаскелік инспектор анықтады. Алдымен әйел адам полиция қызметкерін 977 литр алкогольді өз қажеттіліктерім үшін алдым деп сендіруге тырысқан. Алайда ауыл тұрғынының 37 жастағы ұлы алкогольді «қолдан» сататыны туралы ақпарат таратқан.

– Тексеріс барысында бұл ақпарат расталды. Құрамында спирті бар өнімдер тәркіленді, жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Алкогольдің заңсыз айналымына қарсы күрес қылмыстың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі, ол тұрақты негізде жүргізіледі, – деді аудандық ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz