Облыс тұрғындарынан 18 қару тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері бір аптаның ішінде тұрғындардан 18 қару тәркіледі,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер 56 жастағы Петропавл тұрғынының үйінен тіркелмеген «ТОЗ-16» мылтығы мен 29 оқ-дәрі мен гильзалар тапты. Петропавлдықтың айтуынша, бұл заттардың бәрі оған әкесінен мұра болып қалған.

Дәл осындай факті Тимирязев ауданында да тіркелді. Ауыл тұрғынынан «ИЖ-17» мылтығы тәркіленді.

Полицейлер туыстарынан қалған қаруды қазіргі иесі міндетті түрде тіркеуі немесе комиссиялық сатуға тапсыруы қажеттігін ескертеді. Шешім қабылданша  қару мен оқ-дәрілерді полицияға сақтау үшін беру керек.

Ақжар ауданы тұрғынының қорасынан полиция қызметкерлері «ИЖ-18» мылтығын тауып алды. Ер адамның айтуынша, мылтықты өткен күзде ол Кіші Қараой көлінің жанындағы қамыстан тауып алған.

Мамлют ауданының тұрғынынан да қару тәркіленді. Оның гаражынан «ИЖ-17» мылтығы табылды.

– Бұл фактілердің барлығы облыста 5 сәуірден бастап өткен «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Мақсат – халықтың қолында қылмыс жасау үшін пайдаланылуы мүмкін тіркелмеген қаруды анықтау. 7 күн ішінде облыс тұрғындарынан 18 тіркелмеген атыс қаруы, оның ішінде екі шолақ мылтық пен тапанша тәркіленді. Барлық фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданатын болады, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz