Ұлттық қордан ақша аударылады: eGov-тан балаңызды таппасаңыз не істеу керек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Электронды үкімет платформасында кейбір балалардың цифрлық құжаттары жоқ екендігі анықталды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 — Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 қаңтардан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға төлем төлеу күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген отандасымыздың eGov платформасынан балаларының цифрлық құжаттарын тексеруі кезінде кейбір деректердің жаппай жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай да бір қателіктен, не болмаса кемшіліктен, техникалық ақаудан емес. 2008 жылдан бастап туған балалардың құжаттары ғана цифрлық форматқа өткен болатын, – деді Талғат Уәли.

Осы ретте министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын атады.

 — Егер балаңыздың деректері eGov-та жоқ болса, онда платформада «баланы қосу» деген батырма бар. Соны басып, баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркелей аласыз. Егер сол тіркеу кезінде ақпараттар шықпай жатса, онда «түзету» батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізесіз, – деді ол.

 

Еске салайық, 16 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаражат аударуды қарастыратын заңға қол қойды. 

Кейін Қаржы министрлігінің өкілі балаға түскен ақшаны қайдан тексеріп отыруға болатынын мәлім етті. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz