Табын иесі жауапқа тартылмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданында жеңіл автокөлікті тізгіндеген жүргізуші жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға түнгі сағат 03:30-да «Көкшетау – Омбы» тас жолының 50-ші шақырымында орын алған. Жүргізуші «Lada Granta» маркілі «темір тұлпарды» тізгіндеген. Ол Ақжар ауданының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізуші Аймақ ауылынан 5 шақырым жерде жолға кенеттен бір табын жылқы шыққанын байқайды. Ер адам көлікті тоқтатуға тырысқан. Онысынан нәтиже шықпапты.

– Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері табын иесін анықтап жатыр. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылатын болады. Мал жаю қағидаларын бұзу жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін екенін естен шығармаған жөн, – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, тәртіп сақшылары 11 айда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 3440-тан астам хаттама толтырған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары Солтүстік Қазақстан облысының автожолдарында еліктердің көбеюіне байланысты жүргізушілерді сақ болуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz