Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Талдау департаменттің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады. Тексеріс облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметін толығымен қамтымақ.
– Талдау барысында спорт саласына тиесілі барлық ұйымдар тексеріледі. Спорттық мекеме басшыларының сыйақыларды, спорт объектілерін салуға бөлінетін қаражат, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады, – дейді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіндегілер.