СҚО полицейлері төрт күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңнан астам дерегін тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
4 күннің ішінде полицейлер 1084 түрлі жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Жүргізушілердің дені қауіпсіздік белдігін тақпайды. Мұндай 107 дерек тіркелген. Сонымен қатар облыс жолдарында 12 мас жүргізуші тоқтатылды.
– Жылдамдықты асырудың 30 фактісі, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтудің – 9 фактісі орын алды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, рейдтік іс-шаралар барлық қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыруға, апаттылықты азайтуға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.