СҚО-да 1,8 млрд. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы 1 млн. 368 мың теңгеге журнал сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін бұл мақсатқа небары 24 мың теңге ғана жұмсады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінде жылды қорытындылады.

Ведомство басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг нәтижесінде жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 90 фактісі анықталды, бюджеттің 1,8 млрд. теңгесін тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексерісінен кейін облыстың қаржы басқармасы 1 млн. 368 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған журналдың сатып алу бағасын 24 мың теңгеге өзгертті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің да үлесі айтарлықтай, олардың көмегімен 17,4 млн. теңге үнемделді.

Осылайша мемлекеттік сатып алудың заңсыз жүргізілуіне жол берілмеді.

Бұдан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің талдауы нәтижесінде жалпы сомасы 201 млн. теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекет пен меншік иелеріне 124 млн. теңге қайтарылды.

Атап айтқанда, білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесінде 61 млн. теңге өтелді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында салықтық әкімшілендіру саласында жіберілген қателіктің орны толтырылып, 161 кәсіпкерлік субъектісі 54 млн. теңгені қайтарып алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz