Егіс жұмыстарына 140 млрд. теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылы республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға  140 млрд. теңге бөлінді. Несиелеуді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК)  жүзеге асырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілішісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Аграрлық несие корпорациясының филиалдарында агро-өнеркәсіптік кешен субъектілерінен өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың қаңтар айында басталды.

«Аграрлық несие корпорациясына» қаржыландырудың жалпы сомасы 70 млрд. теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бүгінгі таңда бірінші транш аударылды, екіншісі ақпан айында жіберіледі.

Қаржыландыру агро-өнеркәсіптік кешен субъектілеріне тікелей кредит беру арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарды қорландыру арқылы жүзеге асырылады. АӨК субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі:

— банктік кепілдікпен тікелей кредиттеу кезінде жылдық мөлшерлеме 1,5% — дан аспайды;

— кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер қаржыландырған кезде жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды.

2023 жылы бағдарламаның шарты бойынша кредиттеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, ал бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын.

Бюджеттік қаржыландыру есебінен кемінде 2 млн. га егіс алқабын қамту жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz