Заңсыз аңшылыққа барған 4 азамат жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Еліктерді заңсыз атқан аңшыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, желтоқсанның 27-сі күні ҚР Қылмыстық Кодекстің 337-бабы 4 бөлігін 1,4-тармақшалары бойынша заңсыз аң аулағандарға қатысты сот үкімі шығарылды. Астана қаласынан келген екі қонақтың жергілікті екі тұрғынмен бірге Қызылжар ауданында ұлттық табиғи паркінің аумағында екі елікті заңсыз атып алған.

– Заңсыз аңшылыққа барған азаматтарға қатысты дәлелдер болса да, жазаға тартылған төрт адам өздерінің кінәсін мойындамады және істеген істеріне өкініш білдірмеді. Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, олардан келтірілген материалдық шығын 4,5 млн. теңгені өндіріп алуға және 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — дейді СҚО прокуратурасында.

Сондай-ақ заңсыз әрекетке барған азаматтар мемлекетке көлемі 68 млн. теңге шығын келтіргені белгілі. 53 бас сібір елігін заңсыз атқан ұйымдасқан қылмыс топтың құрамындағы 4 адамға қатысты басқа да іс қаралып жатыр.
Жалпы биыл облыстық сотта заңсыз аңшылыққа қатысты 12 іс қаралып, 21 азамат жауапқа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz