Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс аумағында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп 55 мобильді топ жұмыс істеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мереке қарсаңында полицейлер орман алқаптарында 200-ден астам рейд өткізді. Нәтижесінде шыршаны заңсыз кесудің фактілері анықталған жоқ.
– Шыршаларды ілеспе құжаттарсыз сату фактілері анықталмады. Тауарды белгіленбеген жерде сатумен айналысқан 24 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғат қорғау заңнамасын сақтау жұмыстары жаңа жылда да жалғасатын болады, — дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.